Мен сырғанаймын…

Денсаулық баға  жетпейтін  жалғыз ғана  асыл  дүние.  Дені сау болу үшін дұрыс тамақтану, таза жүру, спортпен  шұғылдану, зиянды заттарды қабылдамау, қоршаған орта  тазалығы, табиғатқа,  адамға  дұрыс  көзқараспен  қарау  қажет. Спортпен  шұғылдану,  иә  қазіргі  таңда  көп  адамдар  спортқа мән берген. Компьютер  мен  мобильді  телефон  және  теледидардың  дамыған заманында спортпен шұғылдану  өз денсаулығыңды сақтауға  деген  бірден  бір жол.  Адам өмірінде  спорттың  алатын  орны  ерекше. Ал мемлекеттік тұрғыдан қарайтын болсақ, ол-абырой!  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2050» жолдауында «Біздің оқушыларымыз дені сау,саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан  болатын.

img_7619  img_7628

Адам  баласының  спортпен  шұғылдануы басты  міндеттердің  бірі  болуы  керек. Осы орайда  Жезқазған қаласы  «Балалар мен  жасөспірімдер сарайы», «Натуралистер мен экологтар» бөлімі,  6.01.2018 оқушылардың  бос  уақытын  тиімді  пайдаланып,  денсаулықтарын  нығайтып, ұйымшылдыққа  батылдыққа,  сымбаттылыққа , жолдастық сезімге тәрбиелеу мақсатында  «Дельфин» мәнерлеп  сырғанау  орталығына  барып  балалармен үйірме жетекшілері «Мен сырғанаймын…» атты  іс – шара  өткізіп, кереметтей демалыс сыйлап  көтеріңкі  көңіл  күймен тарқасты. Оқушылардың спортқа деген  қызығушылығы  арта түскені олардың  нұрларынан сезіліп тұрды.

Рахымберлина Ақниет,14 жас
Натуралистер мен экологтар бөлімі
«Балалар мен жасөспірімдер сарайы»
Жезқазған қаласы

RSS комментариев

Написать комментарий

Вы должны войти чтобы комментировать