Табиғат және Адам

Табиғат дегеніміз не? Табиғат біздің Жер-Анамыз. Біз анамыздың құшағында қалай өмір сүру керек екенін қаншама ғасыр, қаншама жылдар өткенімен әлі де білмейміз. Біздің аяулы анамыздың жүрегінің бар екендігіне, оның біздің жасаған кейбір іс-әрекетімізден жапа шегетініне де бас қатырмаймыз. Неге біз адамзат баласы,Жер-Анамызға деген махаббатты, сүйіспеншілікті, қамқорлықтыбілдірмейміз? Мүмкін бізден қолдау күтетін шығар.Осы жайында бір сәт ойландыңыздар ма?Иә, қазір дамыған заман дейміз, барлығы дайын не ішемін, не жеймін демейсің,ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда, уайым жоқ, қайғы жоқ бір тым еркінсіп кеткен заман болды… Бірақ бұл да өтер. Әр нәрсенің өзінің шегі, соңы, тоқтау кезеңі болады.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d0%b2%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d0%b8%d0%bc%d0%b8%d1%80%d0%b0-%d0%be%d1%81%d0%be%d0%ba%d0%b8%d0%bd%d0%b0-2

Біз бір кездері мүлдем жоқ едік. Көгілдір түсті аспанымыз, жылтыраған жұлдыздарымыз, түнде жарық сәулесін шашатын айымыз, шуағын шашқан күніміз де жоқ еді. Бұл ғажайып әлем мүлдем жоқ еді. Жалғыз ғана Алла бар еді. Оның қалауымен барлығы пайда болды. Ол әр нәрсені, жанды мен жансызды, барлық тіршілік атаулыны әдемілеп жаратты. Ұлы Жаратушымыз жаратқан барлық нәрсені жақсы көруге тиіспіз. Барлығымызға мәлім, адам атаулының бәрі де қоршаған ортамен әрдайым байланыста болады, біз  табиғаттан тыс өмір сүре алмаймыз. Барлығы тіршілік ету үшін басқалардың көмегіне мұқтаж. Шыр етіп дүниеге келген сәби де анасының сүтіне және мейіріміне зәру. Кішкентай ғана тұқым көктеп көгеруі үшін топыраққа, топырақ жаңбырға, жаңбыр бұлттарға зәру. Құстарға ұшу үшін қанат керек, ал балықтардың өмір сүруі үшін су қажет. Мінекей, көріп отырғандарыңыздай біз табиғаттың ажырамас бөлігіміз.

Тіршілгіміздің негізгі көзі күн, ауа, су, жер екені барлығымызға белгілі. Ертеңгі күні не болатынын ешкім де білмейді. Табиғатымыз мүлдем жоғалып, ғайып болып кетсе, біз де жоғалып кететініміз жөнінде хабардармыз. Неге біз айналамызға нұрымызды төгіп, жанымыздағыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, тіршілік атулының барлығына мейірім көзімен қарап жүрмейміз? Қазіргі кезде бәрінің уақыты жоқ, жүйкелері әбден тозған, сәл нәрсеге бола ашу-ызасы дайын тұрады, көшеде жүргенде бір өмірінің әр күнін бағалайтын, қолда барының қадірін білетін, күлімсіреп жүрген адамды көрмейсің. Заманның соншалықты күрделі болуы, адамдардың арасында тілдесу яғни, мәмле жоқ. Қазіргі заманда біз бір бірімізбен әңгіме айтып, жақсы хабарымызбен бөлісіп, сөйлеспейміз. Себебі жиі айтылатын сөз «Менде мүлдем уақыт жоқ». Сонда біздің осыншалық төмен деңгейге түскеніміз бе, әлде бұл дерт пе? Табиғатты аялау керек дейміз, бірақ қалай біз қоршаған ортаға өзіміздің қамқорлығымыз бен көмегімізді көрсетеміз, егер адамдар бір бірлеріне уақыт таба алмай отырғанда?Бұл өте күрделе мәселе. Иә, біз қанша жерден күшімізді салып осы табиғатқа бір пайдамызды тигізейік деп шырылдағанымызбен, адамдардың жүрегіне мейірім мен қайырымдылықсезімін толтырмағанша біз осындай күйде қала береміз. Өкінішті әрине. Менің ойымша, ең алдымен әр адам осы өмірде не үшін өмір сүріп жүргені жайында, жалпы өмірдің мәні не екені жайында сәл ойлану керек сияқты. Жер-Анамызға деген махаббатымыз шексіз болуы үшін, адамдардың бір-бірлеріне деген шынайы сүйіспеншіліктері төгіліп тұруы керек. Сонда ғана біз, көптеген қиындықтардан, қауіп-қатерден құтылатынымыз анық. Табиғатымыз күннен-күнге уланып жатыр, ол улы дүниелер адамдардың денсаулығына зиянын келтіріп жатыр дейміз. Бір сәт ойланып қарасақ, барлық әлемдік мәселелер, барлық болып жатқан түсініксіз табиғи құбылыстар мына біз, адамдардың өздерінің іс-әрекеттерінің кесірінен туындап отыр.Бұл уақытша өмірдің қызығына әлі де тоймай жүргенде, заманның ақыры болған сәтте өкініп қалып жүрмейік ағайын!

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d0%b2%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d0%b8%d0%bc%d0%b8%d1%80%d0%b0-%d0%be%d1%81%d0%be%d0%ba%d0%b8%d0%bd%d0%b0-1фото Владимира Осокина

Сәбитбек Аруна, 1 курс, И. Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
Фото Владимира Осокина

Нет комментариев »

Алёна Валерьевна Брант 18 Июнь 2018 в Конкурсы, Статьи. 15-18 лет.

RSS комментариев

Написать комментарий

Вы должны войти чтобы комментировать